МӘМС-ке қате аударылған төлемдерді қайтару
Аударымдардың, жарналардың немесе өсімпұлдардың артық немесе қате төленген сомаларын қайтару үшін "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-ға өтініш беру қажет.
Мемлекеттік корпорацияның мекенжайларын сайттан табуға болады gov4c.kz.
Іс-қимыл тәртібі:
Өтінішті дербес төлеуші берген кезде үлгі бойынша өтінішті толтырыңыз.
Төлеуші-жұмыс беруші өтініш берген кезде пайдасына жарналар жүргізілген сомаларды қайтаруға қызметкердің келісімі туралы өтініш қосымша міндетті түрде қоса беріледі.
Қаражатты қайтарудан бас тартылуы мүмкін:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) енгізілген деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылған;
4) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.
Дереккөздер:
1. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V ҚР Заңы
2. ҚР ДСМ 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығымен бекітілген Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидалары